РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 19 ақпан 2018 15:07, Изменено: 19 ақпан 2018 16:05

18-20 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша күндіз 20 ақпанда кей жерлерде жел 15-20, екпіні 25 м/с-қа күшейеді.

20-21 ақпанда Жамбыл облысында шығыс бағыттан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз 20, тәулік бойы 21 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с және аса күтіледі. Тараз қ.: 21 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және аса күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

20 ақпан түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан екпіні 23-28 м/с жел; 20-21 ақпан кей жерлерде көктайғақ күтіледі.