РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 26 ақпан 2018 18:53, Изменено: 26 ақпан 2018 18:53

Жауын-шашынның күтілуіне байланысты алдағы тәулікте Алматы, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін. ШҚО таулы аудандарында өздігінен болатын қаркөшкіндері күтілмейді. Қаркөшкінін жүруін ұрындырмау үшін тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыныңыз.

Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының аласа таулы өзендерінде ауа температурасының жоғарылауына және жаңбыр күтілуіне байланысты бугін кешке және алдағы тәулікте су тасу, баурайы және жергілікті ағын қалыптасуы кутіледі.

27-28 ақпан күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, 27 ақпанда таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с және аса күтіледі.Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Тараз қ.: 27 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі.

27 ақпан – 1 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. 27 ақпанда кей жерлерде оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.

90 % ықтималдылығымен күндіз 27 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Астана қ: күндіз 27 ақпанда кей уақытта жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

27-ші ақпанда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күтіледі.