РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 05 шілде 2019 15:07, Изменено: 11 шілде 2019 17:30

2019 жылғы 27 маусым мен 4 шілде аралығында «Қазгидромет» РМК атмосфералық ауа, топырақ, радициялық фон және Арыс өзеніндегі жер үсті сулары бойынша күн сайынғы жоспардан тыс су сынамаларын алуды жүргізіп, сараптау нәтижелерін Facebook, Vk.com әлеуметтік желілерінде және «Қазгидромет» ресми сайтында салды.

Атмосфералық ауа, топырақ және су сынамаларын алу жұмыстарын жүргізу үшін, «Қазгидромет» Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша екі аймақтық филиалдарының жылжымалы мобильдік лабораториялары іске қосылып, тез арада төтенше жағдайлар болған жерге аттанып, ол жақта 8 тәулік болды. Оқиғадан кейін бірінші тәуліктерде лаборатория қызметкерлері Арыс қаласында ТЖМ қызметі және Әкімшілікпен бірлесіп жұмыс жасады, ал кейін оларға белсенді азаматтар мен блогерлар қосылды. Сондай-ақ, Арыс қаласының көпшілік тұрғындары лаборатория жұмысын бақылап, мамандар кеңесін және атмосфералық ауа, топырақ және су жағдайлары бойынша кеңейтілген ақпарат алды.

2019 жылғы 27 маусым мен 4 шілде аралығында атмосфералық ауа, топырақ, радиациялық фон, Арыс өзені суының күн сайынғы сынамаларында нормадан асу болған жоқ.

Жоғары (экстремалды жоғары ластану) тіркелмеді.

https://kazhydromet.kz/upload/pagefiles/malika/справки/Справка_Арыс 27 июня по 4 июля.pdf

Нормадан асу болмағандықтан, «Қазгидромет» 2019 жылғы 5 шілдеден бастап, шілде айының соңына дейін Арыс қаласының жоспардан тыс мониторингін апта сайынғы негізде жүргізуге көшеді.