РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 18 сәуір 2019 15:00, Изменено: 26 маусым 2019 15:44

Қазгидрометпен 2019 жылдың 1 тоқсанындағы экологиялық мониторинг қорытындысы шығарылды.Тоқсан ішінде атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізу 45 елді мекенде жүргізілді, оның ішінде 18-і «төмен» ластану деңгейіне, 15-і «көтеріңікі» деңгей, 6-ы «жоғары»ауа ластану деңгейіжәне 6 елді мекен«өте жоғары» ластану деңгейіне жатқызылған.

Ауаның өте жоғары ластану деңгейіне жатқызылған қалалар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Өскемен;

Жоғары деңгейде ластанған елді мекендер: Атырау, Балқаш, Атбасар, Жезқазған, Риддер ққ. және Глубокое к.;

Көтеріңкі ластану деңгейіне жатқызылатын қалалар Көкшетау, Талдықорған, Ақтау, Семей, Қостанай, Петропавловск, Сарань, Тараз, Қаратау, Шу, Шымкент, Кентау, Түркістан, Павлодар және Қордай к.;

Ластануы төмен деңгейдегі елді мекендер Орал, Ақсай, Екібастұз, Ақсу, Қызылорда, Күлсары, Степногорск, Жаңаөзен, Рудный, Жаңатас, Алтай ққ., Акай к., Торетам к., Январцево к., Карабалық к., Бейнеу қ., «Бурабай» кешенді фондық мониторинг станциясы және Щучинск-Бурабай курорттық аймағы.

Атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау республиканың ең ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында орындалады.Қазіргі уақытта атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 45 елді мекенде 140 бақылау бекетінде, оның ішінде 56 қолмен сынама алу бекетінде және 84 автоматты түрде жүргізіледі. Сондай-ақ, бақылау 14 көшпелі лабораторияның көмегімен жүргізіледі.

2018 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда атмосфералық ауаның ластану деңгейі Балқаш, Шу, Ақсай, Кентау, Петропавл, Бейнеу кенттері оң динамикаға ие (төмендеді);

Қалған елді мекендердегі ластану деңгейі 2018 жылдың 1 тоқсанының деңгейінде қалды.

Қазгидрометтің мамандары көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот диоксиді, фторлы сутегі, РМ-2,5 және РМ-10 өлшенген бөлшектері, күкірт сутегі бойынша ластанудың жоғары және өте жоғары деңгейі үш негізгі факторға негізделген: автожолдардың жүктелуі, өнеркәсіп кәсіпорындарынан эмиссиялардың таралуы және елді мекендердің төмен желдетілуі.

2019 жылдың 1 тоқсаны ішінде келесі қалаларда атмосфералық ауаның жоғары ластануының 189 жағдайы (ВЗ) және атмосфералық ауаның экстремалды жоғары ластануының 2 жағдайы (ЭЭЗ) тіркелді:

Нұр-Сұлтан – фторлы сутегі бойынша ЖЛ 4 жағдайы;

Ақтөбе – күкірт сутегі және күкірт диоксиді бойынша ЖЛ 2 жағдайы;

Атырау – күкірт сутегі бойынша ЖЛ 72 жағдайы және ЭЖЛ 2 жағдайы (NCOC және АМӨЗ бекеттерінің деректері бойынша);

Қарағанды – РМ-10 және РМ-2,5 өлшенген бөлшектері бойынша ЖЛ 56 жағдайы;

Теміртау – азот диоксиді және күкірт диоксиді бойынша ЖЛ 54 жағдайы;

Өскемен – күкіртті сутегі бойынша ЖЛ 1 жағдай;

Әрбір жағдайда тіркелген ЖЛ және ЭЖЛ қажетті шараларды қабылдау үшін, себептерін анықтау және шаралар қабылдау үшін, ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне хабарлама берілді.

Жүргізілген радиациялық мониторинг бойынша Қазақстан Республикасының елді мекендері бойынша радиациялық гамма-фонның орташа мәні және атмосфераның жерге жақын қабатындағы радиоактивті түсудің орташа тәуліктік тығыздығы шекті жол берілетін деңгейден аспаған.