РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 28 ақпан 2018 17:58, Изменено: 28 ақпан 2018 17:58

2018ж.25.02. арналған жай-күй бойынша Ілек өзенінде бастауынан бастап Ақтөбе су қоймасына дейін гидрометеорологиялық бақылау желісінің деректері бойынша және ТЖД-мен бағдарлық зерттеулердің деректері бойынша ылғал қорның көлемі 248 млн. м3 (нормадан 20% төмен) құрайды.

Мұздың қалыңдығы 2018 жылғы 25 ақпанда (Ембі ө. – Саға к.)11 см-ден 80 см-ге дейін (Шиелі ө. – Құмсай а.) Ілек ө. 50 см.

2017 жылмен салыстырғанда (ылғал  қорының көлемі 407 млн.м3 құрады) биылғы жылы ылғал қорының көлемі 179 млн.м3 кем.

Қарағалы өзенінде бастауынан бастап Қарағалы су қоймасына дейінгі гидрометеорологиялық бақылау желісінің деректері бойынша және ТЖД-мен бағдарлық зерттеулердің деректері бойынша ылғал қорның көлемі 89 млн.м3 (нормадан 70% төмен) құрайды.

Топырақтың мұздату тереңдігі максималды 150 см дейін құрайды, бұл алдыңғы жылдарға қарағанда 2 есе жоғары екенін көрсетеді.
     Су тасқыны шыңдары мыналарға байланысты:

  • күндізгі және түнгі ауа температурасының 0° C жоғары тұрақты ауысуы,
  • түскен жауын-шашын (қар, жаңбыр),
  • күздің ылғалдануы және топырақтың қату температурасы,
  • өзен бассейіндерінің қар жамылғысының жабыны бар,
  • күн радиациясы,
  • ауа ылғалдылығының жетіспеушілігі.

Синоптиктердің деректері бойынша, жақын арадағы аптада,  1-4 наурыз кезеңінде  температуралық  фон түнде -10-15,  солтүстік-шығыс облыстарда-28 дейін,  күндіз -8-13, кей жерлерде, -18 аяз күтілуде. 5 – 7 наурыз аралығында ауа температурасы түнде -7-12, күндіз -0-5 аяз күтіледі. 3 наурызда оңтүстік облыстар бойынша жауын-шашын, басымырақ қар, 5-6 наурызда сулы қар күтілуде, басқа күндері жауын-шашын болмайды.  Мұндай жағдайда, жақын арадағы аптада қардың еруі, тиісінше су тасқыны күтілмейді.
 Синоптикалық болжамның ықтималдығы 90% құрайды.

   Наурызда орташа айлық температура 0 ..минус 8 ° С, нормадан 1°С төмен (норма 0...7 аяз),
айлық жауын-шашынның мөлшері нормадан (13...26 мм) аз болады деп күтілуде.

 2018 жылдан бастап апта сайынғы гидрологиялық болжамдарды әзірлеуде Қазгидромет сандық технологияларды пайдаланатын болады:
             1. Қазақстанның жазық өзендер алаптары су жиналуының сандық карталары
             2. Жерді қашықтықтан зондылау түсірілімдерінің деректерін пайдаланумен жазық өзендері алаптарының қар жамылғысының жабын ауданының картасы (%-бен) құрастырылуда. 
             3. Өзен ағынын гидрологиялық болжаудың сандық модельдері бейімделді.
             Облыс әкімі Бердібек Машбекұлымен су қоймаларының жұмыстарын реттеу бойынша алдын ала қабылданған шаралары көктемгі ағынды қабылдау үшін су қоймасының бос көлемін дайындауға мүмкіндік берді.
Бүгінгі таңда, Ақтөбе су қоймасының толықтығы 50% (2017 жылы - 70%), Қарағалы  су қоймасы 38% (2017 жылы 60% -) құрайды. Алайда, жаз ерте шыққан жағдайда Ақтөбе су қоймасынан төмен елді мекендерді, өнеркәсіп және инфрақұрылым объектілерін су басудың біраз қаупі бар.

Біз бұдан әрі де гидрологиялық ахуалдың өзгеруі жайлы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты уақытылы хабардар етуді жалғастырамыз.