РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 25 наурыз 2018 11:27, Изменено: 25 наурыз 2018 11:27

26-30 наурызда Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының жекеленген өзендерінде оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен қардың еруіне байланысты жергілікті ағынның қалыптасу, су тасу мен жайылмалық аудандарға судың шығуы күтіледі.

26-27 наурызда Солтүстік-Қазақстан және Павлодар облыстарындағы жекеленген өзендерінде оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен қардың еруіне байланысты жергілікті ағынның қалыптасуы, су тасу мен жайылмалық аудандарға судың шығуы күтіледі.

25-30 наурызда Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жылынуы мен жауын-шашын күтілуіне байланысты еріген ағын қалыптасу, су деңгейлерінің көтерілуі мен жайылмалық аудандарға судың шығу қауіпі бар. 25 наурызда Ақтөбе облысында қатты жаңбыр күтіледі.

26 наурызда Сырдария өзенінде (Қызылорда облысы) ауа температураларының жылынуының жалғасуына байланысты мұз кептелісі, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарға су шығу үрдістері жүруі мүмкін.