РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 28 маусым 2019 10:10, Изменено: 28 маусым 2019 13:47

27.06.2019ж. (18:00 ден 20:33 дейін) «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша Филиалымен жоспардан тыс атмосфералық ауа, топырақ, радиациялық фон және жер үсті сулар бойынша сынамаларды алу ұйымдастырылды.

Атмосфералық ауа сынамалары 4 нүктеде 5 ластаушы заттар бойынша алынды:

                                        1. Арыс ГБ
                                        2. Арыс метеостациясы, Ақдала көшесі
                                        3. Абуталив-Ақкөзіп көшесі
                                        4. Абдразақов көшесі
Ластаушы заттар
Өлшенген шоғыр
Норма
1
Қалқыма заттар
0,2 мг/м3*
0,5 мг/м3
2
Азот диоксиді
0,09 мг/м3
0,2 мг/м3
3
Көміртегі оксиді
1 мг/м3
5 мг/м3
4
Кұкірт диоксиді
0,005 мг/м3
0,5 мг/м3
5
Формальдегид
0,02 мг/м3
0,05 мг/м3

*мг/м3 – миллиграмм метр куб

Талдау нәтижелері бойынша барлық 4 нүктеде ластаушы заттардың асуы байқалмады.

Радиациялық фон (экспозициялық дозаның қуаттылығы рұқсат етілген нормадан аспады – 0,19 мкЗв/сағ (норма 0,57 мкЗв/сағ** жоғары емес);

Радиоактивті түсулердің тығыздығы – 93,12 Бк/м2 (норма - 110 Бк/м2*). *Бк/м2 Беккерель на квадратный метр/**Мк3в/ч - Микрозиверт в час 

Жер үсті су сынамаларын алу 4 нүкте бойынша жүргізілді:

1.Арыс өз. жоғары ағысы –Сарыарық а. көпірінің жаны

2.Орта ағыс Арыс қ., Арыс ГБ

3.Төменгі ағыс, Шәіулдір а. 2 км қашықтықта

4. Сырдария өзенінің құятын кезінде, Шәуілдір ГБ

Сынамаларды іріктеу су сапасының 48 көрсеткіші бойынша жүргізілді: көзбен шолып бақылау, су температурасы, сутегі көрсеткіші, оттегімен қанығу, меншікті электр өткізгіштігі, ерітілген оттегі, қалқыма заттар, түстілігі, мөлдірлігі, иісі, көміртегінің қос тотығы, оттегіні химиялық тұтыну, 5 тәулік ішінде оттегіні биохимиялық тұтыну, хлоридтер, сульфаттар, гидрокарбонаттар, кальций, магний, натрий мен калий қосындысы, иондар сомасы, құрғақ қалдық, қаттылық, амоний азоты, нитритті азот, нитратты азот, азот сомасы, фосфаттар, жалпы фосфор, жалпы темір, темір (3+), кремний, фторидтер, СББЗ, кадмий, қорғасын, марганец, мыс, мырыш, кобальт, хром (3+), хром (6+), жалпы хром, күшән, никель, сынап, күкіртті сутегі, мұнай өнімдері, фенолдар.

Су сапасының 22 көрсеткіші бойынша жүргізілген талдау нәтижелері бойынша асып кету анықталған жоқ. Су сапасының қалған 26 көрсеткіштері бойынша талдаулар 5 күн ішінде дайын болады.

Жер үсті сулары мен атмосфералық ауаның талдау нәтижелері бойынша жоғары және экстремалды-жоғары ластану анықталған жоқ.