РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 05 тамыз 2019 18:33, Изменено: 06 тамыз 2019 11:09

2019 жылғы 1 тамыздағы «Көктем гранд» қонақ үйінің бассейнінің құбырынан Алакөл көліне лай суды ағызу фактісі бойынша «Қазгидромет» РМК Алматы облысы бойынша филиалының қызметкерлері 2019 жылғы 1 тамызда жедел түрде Алакөл көліне барып, 5 нүктесінде су сынамасын жоспардан тыс іріктеу алды:

- № 1 нүкте - ағызу арнасы орнынан (құбыр) 5 м;

- № 2 нүкте - демалыс аймағы, құбырдан жағалауға;

- № 3 нүкте - ағызу арнасына 20 м қарама-қарсы;

- № 4 нүкте - ағызу арнасынан оңға 500 м;

- № 5 нүкте - ағызу арнасынан солға 500 м.

Зертханалық талдау су сапасының физико-химиялық көрсеткіші бойынша, негізгі иондар, биогенді, органикалық заттар мен ауыр металдарды қоса есептегенде 45 көрсеткіш бойынша жүргізілді.

Ақпаратты жедел түрде ұсыну үшін Филиал сынаманы іріктеу жұмыстарын демалыс күндері жүргізді. 3-4 тамызда алынған су сынамаларының нәтижелері бойынша жоғары концентрациялар хлоридтер (3,8 рет), магний (3,3 рет), минералдау (3,2 рет) және фторидтер (3,6 рет) тіркелген. Жүргізілген талдаулардың нәтижелері кестеде келтірілген.  https://kazhydromet.kz/upload/pagefiles/malika/НОВОСТИ/Результаты анализа внепл. озера Алаколь.pdf