РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 03 қазан 2019 18:04, Изменено: 03 қазан 2019 18:04

Нұр-Сұлтан қаласындағы атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі 10 бекетте, оның ішінде 6 автоматты бекетте және 4 қол күшімен сынама алу бекеттерінде жүргізіледі.

Автоматты бекеттердің бақылау деректері бойынша №5 бекетте (Сарыарқа ауданы, Тұран даңғылы, 2/1),  №8 бекетте (Сарыарқа ауданы, Бабатайұлы 24), №10 бекетте (Алматы ауданы, Қ.Мұнайтпасов к-сі.) нормадан асу жағдайлары байқалды.

Жалпы қала бойынша жоғары және экстремальді жоғары ластану жағдайлары тіркелген жоқ.

Кешкі және түнгі уақытта елеусіз нормадан асу жағдайлары байқалды:

1) №5 автоматты бекеттің мәліметі бойынша (Тұран даңғл., орталық құтқару станциясы):

азот диоксиді бойынша – 1,1 – 1,6 ШЖШ шегінде 5 нормадан асу жағдайы (максималды 02.10.2019 тіркелді).

2) №8 автоматты бекеттің мәліметі бойынша (Сарыарқа ауданы, Көктал-1, Бабатайұлы к-сі., 24-үй):

көміртегі оксиді бойынша – 1,1 – 2,5 ШЖШ шегінде 24 нормадан асу жағдайы (максималды 02.10.2019 тіркелді);

азот оксиді бойынша - 1,2 – 1,5 ШЖШ шегінде 16 нормадан асу жағдайы (максималды 02.10.2019 тіркелді);

РМ-10 өлшенген бөлшектері бойынша 1,1-3,5 ШЖШ шегінде 21 нормадан асу жағдайы (максималды 03.10.2019 тіркелген);

РМ-2,5 өлшенген бөлшектер бойынша 1,3-6,1 ШЖШ шегінде 37 нормадан асу жағдайы (максималды 03.10.2019 тіркелген);

3) №10 автоматты бекеттің мәліметі бойынша (Алматы ауданы, Қ.Мұнайтпасов к-сі., 13):

көміртегі оксиді бойынша – 1,1-1,8 ШЖШ шегінде 13 нормадан асу жағдайы (максималды 02.10.2019 тіркелген);

азот оксиді бойынша – 1,1 – 1,5 ШЖШ шегінде 10 нормадан асу жағдайы тіркелген.

*Жоғары ластану 10 ШЖШ-дан асқан кезде, экстремалды-жоғары 20 ШЖШ-дан асқан кезде тіркеледі.

Синоптикалық жағдай: 2-3 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласының ауа райын антициклонның сілемі анықтайды, жауын-шашынсыз ауа райы, әлсіз жел байқалады, ол ауадағы ластаушы заттардың жиналуына ықпал етуі мүмкін.