РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 30 мамыр 2018 16:51, Изменено: 30 мамыр 2018 18:31

31 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с және одан да аса күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі.

Астана қ.: 31 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертен тұман күтіледі.

Көкшетау қ: 31 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін.

Петропавл қ.: 31 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Түнде және таңертен тұман күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-95 %

2018 жылғы 30 мамырдың сағат 21-ден 31 мамырдың сағат 21-ге дейін. 31-ші мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан жел, күші 15-20, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с.

2018 ж. 30 мамырдың сағ. 21-ден 31 мамырдың сағ. 21-ге дейін Шығыс Қазақстан облысы бойынша 31 мамырда түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі. Кей жерлерде жаңбыр, облыс шығысындағы тауларда жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар), найзағай, дауыл, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күшейуі 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с.

Өскемен қ.: 31 мамырда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күшейуі 15-20 м/с.

2018 ж. 21 сағ. 30 мамырдан 21 сағ. 31 мамыр аралығы 31 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстіктен оңтүстікке ауысып 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жел күтіледі.