РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 14 қазан 2019 17:47, Изменено: 22 қазан 2019 10:33
2019 жылғы 12 қазанда «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызық және мазмұнды акция - Ашық есік күнін өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты - қазіргі қоғамдағы ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің рөлін түсіндіру.
«Қазгидромет» РМК қызметкерлері экскурсия өткізіп, онда ауа райы болжамы қалай жасалатынын, гидрологиялық, экологиялық және агрометеорологиялық мониторинг қалай жүргізілетінін, Қазақстанның климаты қалай өзгеретінін және тағы басқаларын айтты.
Ашық есік күніне астананың 72 мектеп-лицейінің оқушылары, мұғалімдері мен ата-аналар қатысты. Оқушылар сұрақтар қойып, ең белсенді қатысушылар кәсіпорын қызметкерлерінен символикалық сыйлықтар алды.
Қонақтар Қазгидрометтің мамандары пайдаланатын заманауи жабдықтармен танысты. Сондай – ақ, фойеде 20-шы ғасырдың жабдықтары мен құралдары, мұрағаттық құжаттар мен суреттер көрсетілді.