РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 29 шілде 2019 10:53, Изменено: 29 шілде 2019 15:02

"Қазгидромет" РМК 2019 жылы 20 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында басталған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын жалғастыруда. 27 шілдеде экологиялық эстафетаға "Қазгидромет" аймақтық филиалдары қосылды. Іс-шараға Қазақстан бойынша 300-ден астам қызметкер қатысты.

Ақмола облысында сенбілік Шағалалы су қоймасының жағасында, Алматы және Алматы облысында өтті, Қазгидромет қызметкерлері Көк Жайлау үстіртін және Қаратал өзенін, Атырауда-Жайық өзенін, Қызылорда облысында - Сырдария жағалауын, Ақтөбеде – Елек өзенін, БҚО – Жайық өзенін жинауға шықты,Қазақстанның әр өңірі экологиялық сенбілікпен қамтылды.

Акцияға барлығы 300-ден астам адам қатысты, барлық 14 өңір бойынша 17 тоннадан астам қоқыс жиналды.

"Қазгидромет" аймақтық филиалдары #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдауға шақырады.