РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 23 шілде 2019 11:20, Изменено: 24 шілде 2019 11:16

"Қазгидромет" РМК 2019 жылғы 20 шілдеде Нұр-сұлтан қаласында басталған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдады. "Қазгидромет" орталық аппаратының қызметкерлері Қоянды су қоймасының жағалауындағы қоқыстарды тазарту бойынша экологиялық сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараға Министрлер кабинетінің мүшелері, еліміздің қоғамдық ұйымдары мен экологиялық қауымдастықтарының өкілдері, волонтерлер, жастар, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне немқұрайлы қарамайтын азаматтар қатысты. Акцияға барлығы 2000 адам қатысты. 26 кв. км астам аумақ тазаланып, 10 тоннадан астам қоқыс жиналды.

27 шілдеде "Қазгидромет" филиалдарының қызметкерлері Қазақстанның барлық облыстарында экологиялық эстафетаны қабылдайды. "Қазгидромет" аймақтық филиалдары #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдауға шақырады.