РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 12 шілде 2018 16:51, Изменено: 12 шілде 2018 16:51

2018 жылғы 10 шілдеде Петропавловск қаласында «Қазгидромет» РМК Бас директоры Марат Полатұлы Кынатовтың Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаровпен кездесуі өтті.  

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі Жолдауын іске асыру мақсатында, «Қазгидромет» РМК мен  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің арасында Шарт жасалды, ол егін егу мен егінді жинауға арналған өнімді уақытты болжаудың заманауи технологияларын ендіру, минералды тыңайтқыштарды енгізу мен зиянкестермен күрес, шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарға агрометеорологиялық қызмет көрсету мен өнім беру жолымен СҚО-да агрометеорологиялық мониторинг жүйесін дамытуды болжайды.  

Сондай-ақ Қазгидрометпен СҚО шаруа қожалықтарымен және фермерлік шаруашылықтарымен кездесудің нәтижелері бойынша Шарттарға қол қойылды, соларға сәйкес Қазгидромет шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылықтарға агрометеорологиялық болжамдар мен ақпарат ұсынатын болады.