РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 15 ақпан 2019 12:00, Изменено: 16 ақпан 2019 13:15

ҚР Энергетика вице-министрі С.Нұрлыбайдың 2019 жылғы 4 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін «Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Жайық өзені және Яик, Перетаска тармақтарында, 13 тұстамада күн сайынғы жоспардан тыс су сынамаларын алды.

2019 жылдың 21 қаңтарынан бастап "Қазгидромет" РМК жоғарыда аталған 13 тұстама бойынша жоспардан тыс су сынамаларын апта сайын алуға көшті.

Зертханалық талдау жасау су сапасының негізгі иондар, биогенді, органикалық заттар мен ауыр металдарды қоса есептегенде 41 көрсеткіш бойынша жүргізілді.

2019 жылдағы 11 ақпандағы талдау нәтижелері қосымшада келтірілген.

Жоғары және экстремалды жоғары ластану тіркелмеді.

https://kazhydromet.kz/upload/pagefiles/malika/2011.02.pdf

2019 жылғы 11 ақпандағы Жайық өзенінің 13 тұстамасындағы су сапасы туралы ақпарат Атырау облысының әкімдігіне жіберілді.