РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 13 тамыз 2019 14:54, Изменено: 14 тамыз 2019 11:35

Алматы қ. Көк-Төбе шатқалындағы құрғақ шөптің жануына байланысты, 2019 жылғы 12 тамызда "Казгидромет" РМК Алматы қ. филиалының қызметкерлері жану көзіне жақын орналасқан аудандарда 3 нүктеден атмосфералық ауаның сынамасын жоспардан тыс сынама алынды:

- №1 нүкте Оңдасынов 29, 12.08.2019ж

- № 2 нүкте Омаров 2а, 12.08.2019ж

- № 3 нүкте Диваев 35, 12.08 .2019ж. 

Іріктелген ауа сынамаларында Медеу ауданының №1 (Оңдасынов 29) нүктесінде азот диоксиді бойынша шекті жол берілген концентрациясынан 1,2 ШЖК асып түсуі тіркелді.

Бұл асып кету елеусіз, жоғары ластану (ВЗ) 10 ШЖК-дан асқан кезде, 20 ШЖК-дан асқан кезде экстремалды жоғары ластану (ЭЕМ) тіркеледі.

Жалпы Алматы қаласы бойынша жоғары және экстремалды жоғары ластану жағдайлары тіркелген жоқ.

          Өткен кезең ішінде 11-12 тамыз аралығында Алматы қаласында құрғақ оңтүстік циклонның ықпалында болды және 2-7 м/с әлсіз желмен аз бұлтты ыстық ауа райы сақталды,  бұл ауадағы ластаушы заттардың жиналуына ықпал етуі мүмкін.