РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 18 қаңтар 2019 11:19, Изменено: 08 ақпан 2019 18:27

ҚР Энергетика вице-министрі С.Нұрлыбайдың 2019 жылғы 4 қаңтардағы хаттамалық тапсырмасын орындау үшін «Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Жайық өзенінің 13 тұстамасы мен Яик, Перетаска тармақтарында күн сайынғы жоспардан тыс сынама алуды бастап, әрі қарай жалғастыруда.

Зертханалық талдау жасау су сапасының негізгі иондар, биогенді, органикалық заттар мен ауыр металдарды қоса есептегенде күн сайын 24 көрсеткіші бойынша, апта сайын 41 көрсеткіші бойынша жүргізілді.

2019 жылғы 11-17 қаңтар аралығындағы талдау нәтижелері қосымшада келтірілген.

https://drive.google.com/open?id=1zExDszbBFt3qvNK1Rp87UswZ5oF_ultj

Жоғары (экстремалды жоғары) ластану тіркелмеді.

2019 жылғы 11-17 қаңтар аралығындағы Жайық өзенінің 13 тұстамасындағы су сапасы туралы ақпарат Атырау облысының әкімдігіне жіберілді.