РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 12 шілде 2019 12:34, Изменено: 12 шілде 2019 12:54

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің Хаттамалық тапсырмасын орындау үшін «Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 1 шілдеден 2019 жылдың 4 шілдесіне дейін Арыс қаласында атмосфералық ауа, радиациялық шоғырлану, топырақ және жер үсті суларының сынамаларына күн сайын жоспардан тыс іріктеу жүргізді.

«Қазгидромет» РМК, 2019 жылдың 8 шілдесінен бастап Арыс қаласында атмосфералық ауа, радиациялық шоғырлану, топырақ және жер үсті суларының сынамаларына апта сайынғы жоспардан тыс іріктеуге көшті.

2019 жылдың 8 шілдесінен бастап, сынама алу және талдау атмосфералық ауада 5 ластаушы заттар бойынша 4 нүктеде, жер үсті суларында су сапасының 29 көрсеткіші бойынша 4 нүктеде жүргізілуде.

2019 жылғы 8 шілдедегі талдау нәтижелері қосымшада көрсетілген. Судағы оттегінің биохимиялық тұтынылуы бойынша талдау нәтижесі 5 тәуліктен соң дайын болады.

https://kazhydromet.kz/upload/pagefiles/malika/справки/Результаты анализов Арыс за 8 июля 2019 года.pdf

Жер үсті сулары мен атмосфералық ауаның талдау нәтижелері бойынша жоғары және экстремалды-жоғары ластану анықталған жоқ.