РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 02 тамыз 2019 11:12, Изменено: 02 тамыз 2019 11:12

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің Хаттамалық тапсырмасын орындау үшін «Қазгидромет» РМК 2019 жылғы                    1 шілдеден 2019 жылдың 4 шілдесіне дейін Арыс қаласында атмосфералық ауа, радиациялық шоғырлану, топырақ және Арыс қаласы аумағында жер үсті суларының сынамаларына күн сайын жоспардан тыс іріктеу жүргізді.

«Қазгидромет» РМК, 2019 жылдың 8 шілдесінен бастап Арыс қаласы аумағында атмосфералық ауа, радиациялық шоғырлану, топырақ және жер үсті суларының сынамаларына апта сайынғы жоспардан тыс іріктеуге көшті.

Сынама алу:

- атмосфералық ауада 5 ластаушы заттар бойынша 4 нүктеде анықталды;

- үсті суларында су сапасының 48 көрсеткіші бойынша 4 нүктеде анықталды

2019 жылғы 27 маусым мен 29 шілде аралығындағы талдау нәтижелері қосымшада көрсетілген.

https://kazhydromet.kz/upload/pagefiles/malika/справки/Приложение на русс.pdf

Жер үсті сулары мен атмосфералық ауаның талдау нәтижелері бойынша жоғары және экстремалды-жоғары ластану анықталған жоқ.

2019 жылғы 29 шілдедегі судағы оттегінің биохимиялық тұтынылуы бойынша талдау нәтижесі зертханалық талдау жүргізудің ұзақтығына байланысты 2019 жылғы 5 тамызда дайын болады.