РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 26 шілде 2019 11:34, Изменено: 26 шілде 2019 12:11

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің Хаттамалық тапсырмасын орындау үшін «Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 1 шілдеден 2019 жылдың 4 шілдесіне дейін Арыс қаласында атмосфералық ауа, радиациялық шоғырлану, топырақ және жер үсті суларының сынамаларына күн сайын жоспардан тыс іріктеу жүргізді.

 «Қазгидромет» РМК, 2019 жылдың 8 шілдесінен бастап Арыс қаласында атмосфералық ауа, радиациялық шоғырлану, топырақ және жер үсті суларының сынамаларына апта сайынғы жоспардан тыс іріктеуге көшті.

2019 жылдың 8 шілдесінен бастап, сынама алу және талдау атмосфералық ауада 5 ластаушы заттар бойынша 4 нүктеде, жер үсті суларында су сапасының 29 көрсеткіші бойынша 4 нүктеде жүргізілуде.

2019 жылғы 15 шілдедегі талдау нәтижелері қосымшада көрсетілген. Судағы оттегінің биохимиялық тұтынылуы бойынша талдау нәтижесі 5 тәуліктен соң дайын болады.

https://kazhydromet.kz/upload/pagefiles/malika/%D1%81%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%BA%D0%B8/%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%20%D1%80%D1%83%D1%81%201.png

Жер үсті сулары мен атмосфералық ауаның талдау нәтижелері бойынша жоғары және экстремалды-жоғары ластану анықталған жоқ.