РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 26 наурыз 2018 18:44, Изменено: 26 наурыз 2018 18:55

Қазгидрометтің БҚО бойынша филиалының қызметкерлері метеорологтардың мереке күндерінде Тасқалын ауданындағы «Каменка» метеостанциясына барып қайтты. Қазгидрометтің БҚО бойынша филиалының директоры Нұржан Шияп «Каменка» метеостанцияның білікті мамандарын құттықтап, үздік жұмыс атқарғандары үшін алғыс хаттарын табыс етті.

 

Биылғы жылы Тасқалын ауданындағы қар биіктігі Батыс Қазақстан облысы бойынша ең биік болып, қар түсірілімдерінің (2018ж.22.03.) қорытындысы бойынша 43 см құрады. Мереке күндеріне қарамастан, ауылда су тасқынының алдын алу бойынша: қар шығару, каналдарды тазалау шаралары толығымен жүргізілуде.