РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 07 наурыз 2019 16:26, Изменено: 11 наурыз 2019 09:21

Бүгін 2019 жылдың 7 наурыз күні «Қазгидромет» РМК мекемесінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен аналарды, қыз-келіншектерді құттықтау шарасы болып өтті.

«Аяулы арулар, құрметті әріптестер! Бүгінгі көктемнің шуақты күнінде сіздерді 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! «Қазгидромет» пен оның филиалдарында 2077 нәзік жандылар жұмыс істейді. Олар осы мекеменің қай бөлімі болмасын, барлығында еңбек етуде, күнделікті гидрометеорологиялық, экологиялық мониторинг пен ауа райының қиын кезеңдерін де алдын-ала болжауда. Мекеменің күнделікті жұмысы кәсіби біліктіліктеріңізбен іске асуда және бұл сіздердің таза еңбектеріңіз!

Құттықтауыммен бірге сіздерге мықты денсаулық, сәттілік және отбасында бақытты болсын деген тілегімді де қабыл алыңыздар. Күн сайын жақындарыңыз сіздерді қуантып, аялай берсін!» - деді Бас директор Кынатов Марат Полатович.

Содан кейін мекеме басшысы қызметкерлерді ҚР Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.

 

«Қазгидромет» РМК
Баспасөз қызметі