РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 03 сәуір 2019 16:03, Изменено: 03 сәуір 2019 16:27

Жерорта теңізінің белсенді циклонымен жаңбыр, Қазақстанның батыс облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр жауды. Алдағы тәулікте бұл циклон толып, шығысқа қарай жылжыйды, ал онымен байланысты атмосфералық фронттар республикамыздың көптеген облыстарында жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, қатты екпінді жел алып келеді. Солтүстік облыстарда жаңбыр жылбысқы қарға ұласуы мүмкін, оңтүстік облыстарда кей жерлерде күшті жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Циклон және суық фронттардың артынан Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік аймақтарынан антициклон жылжыйды, онымен ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Республикамыздың солтүстік бөлігінде түнгі температура 0-ден минус 5°С дейін төмендейді.

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша консультативті ауа райы болжамы

4 сәуір: көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр. Жел оңтүстік-батыс 7-12 м/с. Температура түнде +2+4°С, күндіз +10+12°С.

5 сәуір: көшпелі бұлт, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және күндіз тұман. Жел солтүстік-шығыс 9-14 м/с. Температура түнде 0,+2°С, күндіз +3+5°С.

6 сәуір: көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыс 7-12 м/с. Температура түнде 0°С жуық, күндіз +6+8°С.

 

Алматы қаласы бойынша консультативті ауа райы болжамы

4 сәуір: көшпелі бұлт, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел 2-7 м/с. Температура түнде +8+10°С, күндіз +18+20°С.

5 сәуір: көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай. Жел 2-7 м/с. Температура түнде +9+11°С, күндіз +16+18°С.

6 сәуір: бұлтты, жаңбыр, кейде күшті. Найзағай. Жел 3-8 м/с. Температура түнде +7+9°С, күндіз +14+16°С.

 

Шымкент қаласы бойынша консультативті ауа райы болжамы

4 сәуір: көшпелі бұлттүнде және күннің соңында жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыс 8-13, түнде екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.

5 сәуір: көшпелі бұлт, кейде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыс 8-13 м/с. Температура түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С.

6 сәуір: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман. Жел солтүстік-шығыс 8-13 м/с. Температура түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С.