РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 16 сәуір 2018 11:12, Изменено: 16 сәуір 2018 16:30

Қазгидромет 14 сәуірде 2018 жылдың 14-20 сәуірі аралығындағы кезеңге апталық гидрологиялық болжам шығарды.  Болжамға сәйкес, Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстарында су тасудың биік шегі өткен.

Жерді қашықтықтан зондтау түсірілімдері мен гидрометорологиялық станциялардың деректері бойынша бұл облыстарда ылғал қорының көлемі едәуір қысқарған, 13 сәуірдегі жай-күй бойынша тұрақты қар жамылғысының ауданы, негізінен жыраларда, сайларда, ағаш отырғызылған жерлерде 0-7% құрайды. Қарағанды, Ақтөбе және Қостанай облыстарының өзендеріндегі су деңгейі төмендеп келеді. 

Қостанай облысындағы сулылықтың бұдан арғы өзгеруі және облыс өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі - Ресей Федерациясының аумағында орналасқан, су қоймалар жұмыстарының су шаруашылық режімімен анықталатын болады.