РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 01 шілде 2019 11:41, Изменено: 01 шілде 2019 11:44

2019 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша ауа райын болжауды ұсынудың жаңа форматына өтеді.

Қазақстан бойынша алдағы үш тәулікке ауа райы болжамының видео, аудионың күнделікті жаңа форматы (ұзақтығы~1 мин.) ғарыштық суреттерді және ауа райын болжаудың сандық әдістерін пайдалана отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазгидромет» ресми сайтында және әлеуметтік желілерде – Instagram, VKontakte, Facebook салынатын болады. Алдағы үш күнге күнделікті болжам сағат 19.00-ге дейін шығарылатын болады.

Ауа райы болжамының жаңа форматта ұсынудың негізгі мақсаты халықты ертең қандай ауа райы күтіп тұрғанымен ақпараттандыру, жылы киіну керекпе, әлде қолшатыр алу немесе ыстық ауа райына дайындалу туралы ақпараттандыру болып табылады.

Сондай-ақ «Қазгидромет» синоптиктері ауа райын видео, аудиомен қауіпті және табиғи құбылыстар туралы (қатты жауын-шашын, желдің күшеюі, найзағай, дауыл, бұрқасын, шаңды дауыл, үсік, тұман, бұршақ, температураның күрт төмендеуі/көтерілуі) Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін ақпараттандыратын болады.