РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 07 маусым 2018 16:35, Изменено: 07 маусым 2018 16:35

Бірнеше аймақтарында дауылды ескерту жарияланған

(Дауылды ескертулердің ықтималдылығы 80-100 %)

Ақмола облысында 2018 ж. 21 сағ. 07 маусымнан 21 сағ. 08 маусымға дейін:

8 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.

Астана қ.: күндіз 8 маусымда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с жетеді.

Көкшетау қ: 8 маусымда кей уақытта найзағай күтіледі, бұршақ болуы мүмкін. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

8-ші маусымда (2018 жылғы 7 маусымдың сағат 21-ден 8 маусымдың сағат 21-ге дейін) Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 2018 ж. 21 сағ. 7 маусымнан 21 сағ. 9 маусым аралығы:

8-9 маусымда найзағай, шквал, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел; 9 маусымда шаңды дауыл, бұршақ, түнде екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.

Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде 2018 жылғы  21 сағат 7 маусымнан 21 сағ. 8  маусым аралығы:

8 маусымда таңертең және күндіз Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20, күндіз екпіні 25 метрге дейін жел шаңды дауылмен күшейеді.

Шымкент қ.: 8 маусымда күндіз найзағай күркіреп, оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлі желдің күшеюі күтіледі.

9 маусымда Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының өзендерінде және 10 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қарқынды, сулылықтың жоғарылауы және тасқындардың қалыптасуы күтіледі.