Атмосфералық ауаның ағымдағы жағдайы туралы ақпарат енді Орал қаласының Led-экрандарында қол жетімді. Трансляциялау үшін мәліметтер «AirKz» мобильді қосымшасының көмегімен ұсынылады және әр сағат сайын жаңартылып отырады. Бұл жоба «Қазгидромет» РМК, облыстық әкімдіктер мен Led-экрандар иелері – жеке меншік ұйымдардың қатысуымен мүмкін болды.
Орал қаласында ақпарат Н.Назарбаев/Сарайшық және Әбілқайыр хан/С.Датов даңғылдарының қиылысында трансляцияланады.