РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 13 қараша 2019 12:09, Изменено: 13 қараша 2019 12:09

2019 жылғы 14-16 қарашаға арналған болжам

         Қазақстан территориясында Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттардың оңтүстік-шығысқа жылжуымен қар, кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-шығыс желінің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Онымен республиканың көптеген облыстарында күннің суытуы күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түңгі ауа температурасы 13...18, кей жерлерде 20...25 язға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С-қа төмен. Тек республиканың батысында осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.