РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 29 қазан 2019 15:25, Изменено: 30 қазан 2019 10:20

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Манас Идирисович Уринбасаров «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Манас Уринбасаров 1969 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келді.

1988 жылы Жолды хабарлау министрлігінің Ақтөбе теміржол көлігі техникумын «техник-электрик» мамандығы бойынша, 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2017 жылы «РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінде «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

Еңбек жолын 1991 жылы «Өрлеу» өндірістік кооперативінің бас инженері ретінде бастады.

2017-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясының директоры, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарушы директоры қызметін атқарды.

2018 жылғы тамыздан бастап осы уақытқа дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.