РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 03 мамыр 2019 12:42, Изменено: 03 мамыр 2019 12:45

Мамыр Қазақстандықтарды жаз мезгіліндегідей ыстық ауа райымен қуантады, тек айдың басында республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, дауыл, екпінді жел, бұршақ, түнгі және күндізгі сағаттарда тұман сақталады. Сондай-ақ оңтүстікте және батыста жаңбыр жауады, ал басқа күндері найзағай, дауыл, бұршақ және екпінді желмен жаңбыр жауады.

Бірақ 3 мамырдан бастап Қазақстанның басым бөлігінде температура елеулі көтеріле бастайды. Солтүстік жартысында күндіз ауа +20+28ºС дейін; оңтүстік жартысында +25+33ºС дейін жылынады.

Екінші және үшінші онкүндіктерде екпінді желмен, найзағаймен өткінші жаңбырдың жаууы мүмкін, жекелеген күндері термометрдің сынап бағанасы +30+37ºС белгісін көрсетеді.