РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 03 маусым 2019 09:54, Изменено: 03 маусым 2019 09:54

Жаздың басы Қазақстанның барлық аймақтарында ыстық болып күтіледі. Жоғарғы температураға қарамастан найзағай мен өткінші жаңбыр өтеді, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр болады. 5 маусымға дейін температура +25+35°С болжанады, Тек солтүстік және орталықтың кей жерлерінде одан салқынырақ+20+28°С.

Бірінші онкүндіктің жартысында солтүстік циклонмен республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр болады, және найзағай, бұршақ, екпінді желмен, дауыл күтіледі. Тұрақсыз ауа райы бірінші онкүндіктің соңына дейін сақталады.

Температура еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығысында түнде +2+7°С, күндіз +12+23°С дейін,

оңтүстік-шығыста түнде +7+12°С, күндіз +15+25°Сдейін,

оңтүстікте түнде +10+15°С, күндіз +20+28°С дейін төмендейді.

Батыста және оңтүстік-батыста керісінше қысқа мерзімге температураның төмендеуімен қайта тұрақты ыстық келеді.

Маусым үшін Қазақстанның солтүстік облыстарында жауын-шашынның ұлғаюы және оңтүстік облыстарында төмендеуі тән. Осы жылғы маусым да осыған тән. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы күндермен температураның төмендеуі, екінші онкүндіктің соңында, үшінші онкүндіктің басында, сондай-ақ айдың соңында, батыста екінші және үшінші онкүндіктің ортасында күтіледі.

Оңтүстік және батыс өңірлерде жоғарғы температурамен қатар өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.

Қазақстан бойынша маусымның басқа күндерінде +30+35°С, оңтүстіктің кей жерлерінде +39°С күтіледі.

Ауа райының ықтималдылығы – 75-80 %.

 

Ескерту: Консультациялық болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы мүмкін.