РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 01 наурыз 2018 18:00, Изменено: 06 наурыз 2018 12:26

Қазақстанның оңтүстігіне көктем уақытылы келсе, солтүстігінде қыс мезгілі әлі кетуге асықпайды.

Бірінші  онкүндіктің басында және соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін суық антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн едәуір суытатын болады.

Республиканың кейбір аудандарында фронталдық бөлімдердің өтуіне байланысты (жаңбыр, қар), оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы:

солтүстік  бөлігінде түнде 20...28 дейін аяз, күндіз 10....18 дейін аяз;

оңтүстік бөлігінде түнде 0...8 дейін, күндіз 0...5 жылы болып төмендейді.

Бірінші онкүндіктің ортасында оңтүстік циклонның шығуына байланысты еліміздің басым бөлігінде кей жерлерде екпінді жауын-шашын (басымырақ қар) және температураның жоғарылауы күтіледі.

 Осылайша ай бойы көктемгі жылу бірнеше дүркін суықтың қайтып келуімен ауысады, бұл екінші онкүндіктің ортасында, үшінші онкүндіктің басы мен аяғында күтіледі. 

Ай ішіндегі орташа ауа температура нормадан жоғары 1...20С дейін болады деп күтіледі, тек Солтүстік Қазақстанда, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстанда, Қостанайдың басым бөлігінде және Ақтөбенің солтүстігінде нормаға жуық болады деп болжанады.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды мен Ақтөбенің оңтүстігінде нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан асады деп күтілуде.

Айлық болжам, 60-65% ықтималдылықпен беріліп,  консультативті сипатқа ие, ол 7 және 3 тәулікке түзетілетін болады.