РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 29 маусым 2018 16:19, Изменено: 29 маусым 2018 17:53

Айдың басында Қазақстанның батыс жартысында әдеттегідей ыстық (+35+43°С) және құрғақ ауа-райы сақталады, бұл бұғаттаушы антициклонға байланысты болады, мұнда батыс және оңтүстік-батыс желдерімен оның батыс шалғайы арқылы  Орталық Азиядан ыстық қызған ауа келеді.

Ал сол уақытта Қазақстанның қалған аумағында солтүстік-батыс ағындарынан қалыптасқан екпінді жел және өткінші найзағайлы жаңбыр әлі де сақталады.  

Келесі аптаның ортасында бұғаттаушы антициклонды бұзумен Республиканың батысына салқындау және ылғалды ауа келе бастайды, ол осы аймақтағы ыстықтың төмендеуіне ықпал етеді. Ал қалған аумақта жылының өтуімен нағыз жазғы ауа-райы:

солтүстік жартысында +28+35°С;

оңтүстік  жартысында +35+43°С күтілуде.  

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес екінші онкүндіктің басында солтүстік аймақтағы белсенді циклонның ықпалынан ауа температурасы нормадан төмен болатын, жаңбырлы ауа-райы күтілуде.

Айдың екінші жартысында еліміздің батысында негізінен ыстық және құрғақ, шығыс жартысында – салқын және жаңбырлы ауа-райы басымырақ болады.

Нәтижесінде орташа айлық ауа температурасы Батыс Қазақстанда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында нормадан  1...2°С жоғары, қалған аумақта – нормаға жуық болады.

Айлық жауын-шашын мөлшері Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында нормадан төмен, қалған аумақта – нормаға жуық болады деп болжанады.

 

Ескерту: Консультациялық болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілетін болады.