РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 03 желтоқсан 2019 15:16, Изменено: 04 желтоқсан 2019 17:38

Республиканың басым бөлігінде желтоқсан айында ауа температурасы климаттық нормаға жақын, солтүстік және шығыс өңірлерде – нормадан 1°С төмен, оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде 1°С жылы болады деп күтілуде.

Жауын-шашын мөлшері  республиканың басым бөлігінде  мөлшер шамасында және мөлшерден аз,  Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының тау және тау бөктерлі аудандарында мөлшерден көп болжанады.

Оңтүстік циклонның шығуымен бірінші онкүндіктің ортасында жауын-шашын, оңтүстікте кей жерлерде қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыртүрінде) тұман, көктайғақ, желдің 15-25 м/с дейін күшеюі, солтүстік өңірлерде боран, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан  суық ауа массаларының ағынымен республиканың басым бөлігінде қалыпты аязды ауа райы күтіледі. Осыған байланысты ауа температурасының ауытқуы күтілуде:

батыста, солтүстік-батыста түнде 3...13 аяздан 8...15 аяз, оңтүстік-батыста 3 аязға, күндіз 2 аяз...3 жылы, оңтүстік-батыста 8 жылыдан 2...10 аязға дейін;

оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 3...8 жылы, кей жерлерде 5 аяздан 5...13 аязға, күндіз 5...15 жылыдан 0...5 жылыға дейін;

республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5...15 аяздан 0...8 аязға, күндіз 3 аяз...5 жылыдан 2...12 аязға дейін.

Кезекті суық толқындары екінші және үшінші онкүндерде болжанады:

оңтүстік-батыс жартысында түнде 10...20 аяз, күндіз 5...10 аяз,

солтүстік-шығыс жартысында түнде 20...35 аяз, күндіз 10...20 аяз.

 

Ескерту: консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай айтарлықтай түзетулерге ұшырауы мүмкін.

 

Сурет ашық көздерден алынды