РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 01 наурыз 2019 16:11, Изменено: 01 наурыз 2019 16:11

Алдағы күндері Қазақстанда көктемге тән тұрақсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (арты жаңбырға ұласатын қар), тұман, көктайғақ. Ауа температурасы солтүстік бөлігінде түнде 0...5, кей жерлерде 10 градус аязға дейін, күндіз 0...5 жылыға дейін көтеріледі; оңтүстік бөлігінде түнде 0...5, кей жерлерде 10 градус жылыға дейін, күндіз 10...18 жылыға дейін көтеріледі.

5-7 наурыз аралығында Ресейдің оңтүстік бөлігі аймағынан келген суық антициклон бүкіл Республиканың аумағында ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. Солтүстікте, шығыста, орталықта сынап бағанасы түнде 10...15, кей жерлерде 20 градус аязға дейін төмендейді; батыста оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 2...7 градус аязға дейін төмендейді.

Халықаралық әйелдер күні және демалыс күндері ауа райы қайта жылынады, күндіз батыста, оңтүстік-батыста 3...8 градус жылыға дейін; солтүстікте, шығыста, орталықта 0...5 аязға дейін; оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 10...15 жылыға дейін жылынады.

Айдың екінші жартысында суықтың қайтуы мүмкін.

Болжамның орташа ақталу ықтималдылығы 60-75 %

 

Ескерту: Консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.