РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 01 тамыз 2019 16:30, Изменено: 01 тамыз 2019 16:32

2019 жылғы тамыз айына консультативтік болжам

Тамыз айында орташа ауа температурасы солтүстік-батыс жартысында rлиматтық норманың жанында, ал оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде.

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік – шығыс және шығыстағы кей жерлерде нормадан аз болады деп болжануда.

Бірінші онкүндіктің ішінде белсенді циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, кей жерлерде күшті жаңбыр жауады, сондай-ақ желдің күшеюі күтілeді, тек республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады.

Бірінші онкүндіктің ішінде ауа температурасы басым болады

батыста, солтүстік-батыста 15...25 жылы

солтүстікте 17...25 жылы

орталықта 25…33 жылы

шығыста 30 ... 38 жылы

оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 30...38 жылы

Ал бірінші онкүндіктің ортасында жылы ауа массасын шығарарумен бұлттылықты ашылуы мен ауа температурасының көтерілуі күтілуде:

батыста, солтүстік-батыста 23...31 жылыға дейін

солтүстікте 25.33 жылыға дейін

орталық пен шығыста 33...39-ға дейін, кей жерлерде 41-ге дейін жылы

оңтүстік және оңтүстік-шығыста 33.39-ға дейін, кей жерлерде 43-ке дейін жылы

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, айдың екінші және үшінші онкүндігінде жаңбырлы күн ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауымен ауыстырылады.

Ескерту: консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай айтарлықтай түзетулерге ұшырауы мүмкін.