РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 05 ақпан 2019 11:30, Изменено: 11 ақпан 2019 11:08

«Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ылғал қорын бақылау және өлшеу мәліметтері бойынша консультациялық гидрологиялық болжам жасалып, 2019 жылғы 3 ақпанда тиісті мемлекеттік органдар мен облыс әкімшіліктеріне жіберілді.

Ылғал қорының көлемдері:

Қарағанды облысындағы Нұра өзенінің алабында нормадан 55% жоғары, Шерубайнұра өзенінің алабында норма шегінде, Кеңгір, Тоқырау, Сарысу өзендерінің алаптарында нормадан 10-20% төмен.

Ақмола облысындағы Есіл өзенінің алабында (Астана су қоймасына дейін) нормадан 15% жоғары, Шағалалы және Сілеті өзендерінің алаптарында норма шегінде, Жабай және Калкутан өзендерінің алаптарында нормадан 35% төмен.

СҚО өзендерінің алаптарында норма шегінде.

Қостанай обылысындағы Тобыл және Тоғызақ өзендерінің алаптарында нормадан 10-30 % нормадан жоғары. Торғай өзенінің алабында нормадан 30% төмен.

Ақтөбе облысындағы Ілек өзенінің алабында (Ақтөбе су қоймасына дейін) норма шегнінде, Қарғалы, Косистек, Ор, Темір, Ойыл, Ырғыз өзендерінің алаптарында нормадан 30-60% төмен.

БҚО өзендерінің алаптарында нормадан 50-100% жоғары.

Атырау облысындағы өзендердің алаптарында нормадан 35-40% төмен.

Қазақстан Республикасы облыстарының өзендері бойынша қар қоры, топырақтың күзгі ылғалдануы және ылғал қорының көлемі бойынша мәліметтер жазықтың өзендер бойынша 1 - Қосымшада, таулы өзендер бойынша 2 - Қосымшада келтірілген. 3 - Қосымшада 2019 жылдың ақпан айы үшін айлық болжам келтірілген.

Жерді қашықтықтан өлшейтін MODIS спутнигінің суреттері бойынша 01.02.2019 ж. үшін Қазақстан Республикасының қар жаымылғысының ауданы 78%  құрайды(4 - Қосымша).

Казгидромет 2018 ж. қараша – 2019 ж. қаңтар кезеңі аралығында күтілетін қарқынды қар еру, еріген қар ағынының қалыптасуы, су деңгейлерінің көтерілуі жайлы 12 дауылдық ескертулермен  мемлекеттік мекемелерді және әкімшіліктерді 24-72 сағат алдын (норма - 6 сағаттан кем емес) ескертті (5-Қосымша).

2019 ж. ақпан айында қар жиналу құбылысы жалғасуда.

Метеостанциялардың көпжылдық бақылау мәліметтері бойынша ақпан, наурыз, сәуір айларында жауын-шашынның айлық нормасы тәуліктер ішінде түсуі мүмкін.

Жазықтық өзендерде 2019 ж. ақпан айында су тасудың ықтималдылығы 1% құрайды. Синоптиктердің 20-80 % ақталуын құрайтын ай сайынғы беретін болжамының мәліметтері бойынша ақпан айының үшінші онкүндігінде күтілетін күндізгі және түнгі ауа температураларының жоғарылауы әсерінен қардың қарқынды еруіне, еріген қар ағынының қалыптасуы, су деңгейлерінің көтерілуіне алып келуі мүмкін. 

Көпжылдық бақылаулар мәліметтері бойынша (30 жылдан жоғары):

  • жазықтық өзендердегі су тасу көлемінің негізгі бөлігі наурыз айының үшінші онкүндігі мен сәуір айының үшінші онкүндігі арасына келеді, ақпан айындағы қардың бірден еруі бақыланбады.
  • Тау өзендеріндегі су тасықыны 3 кезеңде өтеді.

I кезең төментаулық (Н≤1000 м) наурыз айының үшінші онкүндігінен сәуір айының үшінші онкүндігінде.

II кезен ортатаулық (Н=1000÷2000 м) мамырдың 1-онкіндігінен бастап шілденің 1-онкүндігіне дейін.

III кезең жоғарғытаулық  (Н≥2000 м) шілде айының  2ші онкүндігінен қыркүйектің 1ші онкүндігіне дейін.

Еуропалық және Солтүстік-Америкалық уақыттылығы 3-тен 7 күнге дейінгі гидрологиялық болжамдар жүйелерін негізге ала отырып, мониторинг бақылаулармен 100 % заманауи құралдармен қамтамасыз етілген, Қазгидрометтің құрал-саймандары 50-70жж. жабдықталған, Қазгидромет синоптикалық болжамдарға сүйене отырып, 2018ж. негізінде 2019ж. апта сайын негізгі, гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгерген жағдайда әр 3 күн сайын гидрологиялық болжамдарды шағарып отырады.

Казгидрометтің ауа-райы болжамының  жеткілікті  ақталуы  7 күнге (~90%,) және 3 күнге (~95%)  облыс бойынша күтілетін сулылыққа  апта сайын сапалы гидрологиялық болжам жасауға мүмкіндік берді.

Гидрологиялық болжамдар Қазақстан өзендерінің су басу/су тасқыны және көлем туралы синоптикалық болжамдардан және келесі мәлеметтерге тікелей тәуелді:

  • топырақтың тоңдау тереңдігі мен күзгі ылғандану;
  • түскен жауын-шашын мөлшері (қар, жаңбыр);
  • өзен алаптарының тұрақты қар жамылғы ауданы;
  • қар жамылғысындағы ылғал қор мөлшері;
  • 0ºС жоғары түнгі және күндізгі ауа температурасынын тұрақты асуы;
  • күн радиациясы, ауа ылғалдылық тапшылығы;
  • қар жамылғыснан ылғал булану мөлшері және топыраққа фильтрация.

Жоғарыда келтірілген факторларына байланысты қар жамылғысынан ылғал булан мөлшері және топыраққа фильтрация 5-тен 30 дейін болуы мүмкін.

Гидрологиялық болжамдар дайындаған кезде ЖҚЗ түсірілімдер мәліметтері, сандық математикалық гидрологиялық болжамдар моделі, жараларда, шұңқырларда, орман екпелерінде қар қоры жинақталуын аңықтау үшін ТЖД мен бірлескен маршруттық зерттеу және де бұрын қолданылатын гидрологиялық болжамдардың статистикалық әдісі.