РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 18 ақпан 2018 17:13, Изменено: 21 ақпан 2018 12:58

            Ауыл шаруашылық министрлігінің басшысы «Қазгидромет» мемлекеттік метеорологиялық қызметінің ауа-райын болжау үшін заң жүзінде монополияға ие екеніне наразылық білдірді.
         «Қазгидромет» РМК Бас директоры Марат Қынатов ауыл шаруашылық министрі Өмірзақ Шөкеевтің ауа-райын болжаудағы монополияға байланысты айыптауларына жауап берді.
    Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген кеңесінде Шүкеев фермерлерге 500 долларлық метеостанцияларды сатып алып, орнатуды ұсынып, синоптиктердің артықшылықтарын жоққа шығарды.

      «Біздің заңымызда ауа райы болжамы бойынша монополияны «Қазгидромет» қорғайтыны анықталды. Бұл дегенің анохронизм! Бұның бәрін алып тастау керек. Әрбір фермер өзінің учаскесінде өзінің кішкентай метеостанциясын қою үшін және барлық сараптамаларды бір ауданда, бір орталыққа жинау керек!.», - деді Ауыл шаруашылық министрі
     Марат Қынатов, монополия туралы сұрақ жиі көтерілетіндігін және қазіргі Экологиялық кодексте ұлттық гидрометеорологиялық қызмет (Қазгидромет) жеке инвестициялар арқылы құрылған гидрометеорологиялық және экологоиялық мониторингті мемлекеттік және мемлекеттік емес бақылау желісін пайдалану арқылы жасайтынын атап өтті.

     Мысалы, Атырау облысында North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясы атомосферадағы ауаны бақылайтын бекет орнатып тұрғын аудандарда мониторинг жасайды. Олардың мәліметтері
Қазгидромет мониторинг жүйесіне біріктірілген және қоршаған ортаның жағдайына талдау жасаумен ақпараттық бюллетеньдер шығаруда қолданылады.

       «Заңнаманы екі рет түсіндірмеу үшін, 2017 жылғы 17 қарашадағы Үкімет отырысында агроөнеркәсіп кешенінде метеоақпаратты пайдалану туралы сұрақ бойынша, Қазгидромет Экологиялық Кодекске гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг жүргiзудi қамтамасыз ету үшін мемлекеттiк және жеке бақылау желілерін біріктіру туралы өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазгидромет Энергетика министрлігіне тиісті өзгерістер мен толықтыруларды жіберді» деді Қынатов.
         Ол америкалық DTN компаниясы, Қазгидромет және «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ арасында «Ауыл шаруашылығы үшін нақты ақпараттық қызметті құру және дамыту» жобасын іске асыру және  ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға, жобаның пилоттық кезеңінде 10 метеорологиялық станцияны орнатуға, ал болашақта жеке меншік инвестициялар есебінен 3 мыңға жуық метеостанцияға дейін орнату туралы өзара меморандумға қол қойылғанын еске салды.

   «Осы жоба бойынша, Қазгидромет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде меморандум тараптарына агрометеорологиялық ақпараттар мен мемлекеттік бақылау желісінен ауа райы болжамымен қамтамасыз етеді», -деп түйіндеді гидрометеорологиялық қызмет басшысы.

Дереккөз:https://ru.sputniknews.kz/society/20180215/4610180/kazgidromet-otvetil-obvineniya-shukeev-monopolia.html