РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 27 ақпан 2018 11:15, Изменено: 27 ақпан 2018 11:19

Қазгидромет жетекшілері мен Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы экология саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың мақсаты экологиялық мониторингтің тиімділігін және Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаның жағдайы туралы хабардар ету жүйесін арттыру болып табылады.
Меморандум аясында аталмыш ұйымдар экологиялық мониторингтің республикалық желісін дамыту бойынша шаралар кешенін бірлесіп қабылдайды және жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ, меморандум экологиялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруды көздейді.

Қазгидромет бұдан бұрын Астана қаласының қоршаған ортасын жақсартудың кешенді жоспарына енгізу үшін Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығына ұсыныстар жіберген болатын. Ұсыныстар атмосфералық ауа жөніндегі қолданыстағы ҚР СанЕмН өңдеуді, балық аулау үшін СанЕмН дамытуды қамтиды. Сондай-ақ, атмосфералық ауа сапасын бақылау жөніндегі ұлттық басқарушы құжатты әзірлеу бойынша, ол елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасын бағалау ережелері мен әдістерін, стационарлық және жылжымалы бақылау бекеттерін орналастыру ережелерін қамтитын болады.