РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 22 мамыр 2018 19:04, Изменено: 23 мамыр 2018 10:06

Қазгидрометтің 21 мамырдағы (ықтималдылығы 90%) ауа-райы болжамына сәйкес, Ақмола облысында, соның ішінде Астана қ. бойынша, 22 мамырда күндіз облыстың көп бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде бұршақ, найзағай болады деп болжанған. Солтүстік-батыс желі 9-14м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнгі температура 10-15 , күндіз 16-24 градус.

Желдің максимальді жылдамдығы  22 мамырда Астана қ. 21 м/с, Ақмола облысында 4-13, кей жерлерде 15-22 м/с құрады.

«Астана» метеостанциясында жергілікті уақыт бойынша 13:15-тен 13:20-ға дейін бақыланған, дауылды жел, бұршақ жауу мен нөсер жауын жергілікті сипатта болды. Желдің күшеюі - жылы және суық ауа массаларының бір-бірімен соқтығу себебінен болып, ауа температурасын      30 минут ішінде күрт 25-тен 16 градус дейін төмендетті.

Жергілікті құбылыстар - қысқа мерзімде және күтпеген жерде аумақтың шектеулі көлемінде күрт пайда болады, бұл Қазгидрометтің қолда бар техникалық жабдықталуы кезінде, уақыт пен қалыптасу орны бойынша оларды болжау  қиындығын туындатты.   

Қазгидрометтің 2018-2022 жж. арналған жаңғырту шеңберінде заманауи  метеорологиялық радарлар сатып алып, орнату көзделген, олар  осыған ұқсас жергілікті құбылыстар туралы олардың пайда болуына дейін 3-6 сағат бұрын болжауға және хабардар етуге мүмкін беретін болады. Қазаэронавигациямен бірлесе отырып, Қазақстанның барлық аумағын 25 радардан тұратын радар желісімен жабу көзделуде.