РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 13 маусым 2018 15:12, Изменено: 13 маусым 2018 16:00

12 маусымға арналып Қазгидромет синоптиктерімен құрастырылған ауа-райы болжамына сәйкес, 13 маусымда Астана қаласында құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, желдің күші 9-14 м/с болжанған.

12 маусымда дауылды ескерту шығарылды, 13 маусымда соған сәйкес Ақмола облысында кей жерлерде солтүстік, солтүстік-батыс 15-20 м/с желі. 13 маусымда күндіз кей жерлерде күшті жел, найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін. 13 маусымда күндіз Астана қаласында найзағай күтіледі.

13 маусымда 14:00 – 14:10 Астана қаласында максималды нақты желдің екпіні:

  • Ипподром ауданында орналасқан «Бәйтерек» автоматты метеостанциясы 15-16 м/с желді белгіледі;
  • №10 емхана ауданындағы «Астана» метеостанциясы 14 м/с желді белгіледі.

Осы уақытта Ақмола облысында кей жерлерде жаңбыр мен найзағай байқалды.

Сондай-ақ 14 маусымға дауылдық ескерту шығарылды. 13 маусымның 21:00-нен 14 маусымның 21:00-не дейінгі аралықта Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, күндіз оңтүстік-батыс 15-20 м/с желі күтіледі