РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 05 сәуір 2019 17:50, Изменено: 05 сәуір 2019 19:12

6-8 сәуірде жауын-шашын жаууының болжамына байланысты, кей жерлерде қатты жаңбыр түрінде, ШҚО-да қардың қарқынды еруіне, еріген қар ағындысының қалыптасуына, мұз құбылыстарының әлсіреуіне, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуына, су басу қаупіне алып келеді.

6-9 сәуірде күндізгі ауа температурасының жоғары болжамына байланысты, Павлодар облысының шегіндегі Ертіс өзенінде мұздың әлсіреуі, мұз кептеліс құбылыстарының пайда болуы, өзендер суы деңгейінің көтерілуі және жайылма учаскелеріне шығуы күтіледі.

Жаңбыр түсуі болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, 6-7 сәуірде Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында буйірлі ағынның қалыптасуы және өзендегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.