РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 04 ақпан 2019 19:09, Изменено: 04 ақпан 2019 19:16

Жамбыл облысы
5-6 ақпанда кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с, 5 ақпан күндіз, 6 ақпан түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. 6 ақпанда түнде кей жерлерде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. 6-7 ақпан аралығында ауа температурасының облыстың солтүстік-шығысында түнде 20-25 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. 

Түркістан облысы
5 ақпанда күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты қар күтіледі. 5-6 ақпанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, тау асуларында 23-28 м/с күтіледі. 6 ақпанда түнде ауа температурасының 12-17, кей жерлерде 22-27 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. 

Алматы облысы
6 ақпанда кей жерлерінде қатты қар, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 6-7 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 10-15, кей жерлерде 20-25 градус аяздан 15-20, кей жерлерде 25-30 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. 

Қостанай облысы
6 ақпанда түнде ауа температурасының 33-38 градус аяз, кей жерлерде қатты аяз 43 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. 

Қызылорда облысы
6 ақпанда түнде ауа температурасының 18-23, кей жерлерде 28-33 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҚарағанды облысы 
6-7 ақпан аралығында түнде қатты аяз 37-42 градус, кей жерлерде өте қатты аяз 45 градус күтіледі. 
5 ақпанда Ақмола облысында қар, кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жетеді. 

Астана қаласы
5 ақпанда қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. 6-7 ақпан аралығында түнде қатты аяз 37-39 градус күтіледі. 


Шығыс Қазақстан облысы
6 ақпанда Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі. 6-7 ақпан аралығында түнде ауа температурасының 23-28, кей жерлерде 33-38 градус аяздан 37-42, кей жерлерде 45 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.

Абай болыңыздар!