РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 10 сәуір 2019 15:50, Изменено: 10 сәуір 2019 16:37

2019 жылғы 10-11 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері үшін «EUMETSAT» ақпараттық күні» (Метеоролоиялық спутник бойынша Еуропалық агенттік) халықаралық конференциясы өтуде.

Аталған конференция EUMETSAT және «Қазгидромет» РМК бірлесіп ұйымдастырылған. Конференцияда EUMETSAT, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының және Қазақстандағы Еуропалық Одақтың өкілдері, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдавия, Словакия, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінің Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің басшылары қатысуда.

Бұдан басқа, шақырғандардың арасында Төтенше жағдайлар комитеті, Су ресурстары комитеті, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері қатысуда.

Ақпараттық күннің мақсаты – Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің ҰГМҚ-ларына EUMETSAT спутнигінен ұсынылатын өнімдер мен мәлеметтердің жедел артықшылығымен барынша пайдалануға мүмкіндік беру. «EUMETSAT» ақпараттық күні» маңызды іс-шара болып табылады, ол гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық мониторинг және болжау жасауда жерді қашықтықтан зондтаудың жаңа технологияларын пайдалануда ҰГМҚ қойылған мақсаттарын орындау, тәжірибемен алмасу және ынтымақтасу үшін алаң болып табылады.

Халықаралық конференцияда Қазгидромет Бас директоры, EUMETSAT басшылығы және Шығыс Еуропа, Каказ және Орталық Азия елдері Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің басшылары өз елдерінде EUMETSAT спутниктерінен ұсынылатын мәлеметтер мен өнімдерді пайдалану бойынша баяндамамен сөз сөйледі.