РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 11 сәуір 2018 20:04, Изменено: 12 сәуір 2018 17:28

ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша бір ай бойы  Атырау облысы бойынша Экология департаменті мен «Қазгидромет» РМК Филиалы күкіртті сутегімен ластану көздерін объективті бағалау үшін күнделікті бірлесіп атмосфералық ауаның өлшеуін жүргізді. Бақылау нәтижелері бойынша  ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев пен  Атырау облысының әкімі  Н. Ноғаевпен кездесу көзделуде, онда  Атырау қ. мен облыстың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша бұдан арғы іс-қимыл анықталатын болады.

2018 жылғы сәуір айының 9-нан 10-на қараған түні Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК Экология департаменті және қоғамдық белсенді тұлға А.Хайруллинмен бірлесіп,Атырау қаласы аумағынан тыс су жинауыш тоған («Квадрат», солтүстік-батыс) аумағыныңауасындағы ластауыш заттардың концентрациясын өлшеді. Ауаны портативті газталтағышымен талдау нәтижесінде көздер маңында күкіртті сутегі концентрациясы тіркелген:

  • Қазгидромет газталдағышы – 2,01 мг/м³, бұл 251,25 ШРК сәйкес (2015ж.28.02 №168 СанЕмН);
  • Экология департаментінің газталдағышы –1,5мг/м³(187 ШРК);
  • А. Хайруллин газталдағышы – 2,37 мг/м³ (295 ШРК);

«Қазгидромет» РМК филиалының директоры С.Түленовтың сөзі бойынша: «Тікелей ластану көзінде жүргізілгендіктен, күкіртті сутек өлшемдері қате болып табылатынын, атап айтамыз. 52.04.186-89 Басқарушы құжатқа сәйкес өлшеулер санитарлық-қорғау және қоныстану аймағында жүргізілуі тиіс.Келесі жолы осы ережелердің сақталуын талап ететін боламыз Атырау қаласында мұндай бұзушылықтар тіркелмеген, Атырауда сутегі күкіртіне арналған МШК-нің 200 есе асып кеткендігі туралы ақпарат дұрыс емес».

Бүгінгі таңда, 2018ж.11.04. Атырау қаласы бойынша ауада күкіртті сутегінің асуы «Қазгидромет» РМК, NCOC және АМӨЗ компанияларының бекеттерінде тіркелмеген.