Жаңалықтар

Оңтүстікте, анамальды ыстық әлі де сақталады

19 Маусым 2017

2017 жылғы 20-22 маусымда болатын ауа-райы болжамы

Анамальды ыстық ауа-райы, оңтүстік, орталық және шығыс облыстарға орныққан. Егер де республиканың шығысы мен орталығында атмосфералық фронтарға байланысты қысқа мерзімді найзағайлы жаңбыр болып, осының әсерінен ыстықтың аздап әлсірегені байқалса, ыстық ауа-райы оңтүстік және оңтүстік шығыста әлі де сақталады, ауа температурасы нормадан 5-8ºС жоғары болады. Батыс Сібірдің үстінде орналасқан циклонның оңтүстік перифериясы Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарына әсер ететін болады. Сондықтан, осы аймақтың кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, қатты екпінді жел соғып, бұршақ болуы мүмкін. Ауа температурасы нормаға жақын болады деп болжануда.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»