Жаңалықтар

Көптеген облыстарда ауа температурасы жоғарылайды, ал шығыста үсік күтілуде

19 Мамыр 2017

2017 жылғы 20-22 мамырға арналған ауа-райы болжамы

Ауа райының күрт ауытқуы - мамыр айының ерекшелігі болып табылады. Осы жылда да  мамыр айының ауа райы өзі-өзіне берік. Солтүстік және орталық облыстарда түнгі үсіктер жақын тәуліктерде оңтайлы температураға ауысып, дүйсенбіде түнгі ауа температурасы +7...15°С болады деп күтілуде.  Алдағы үш тәулікте шығыс облыстарда антициклонның әсерінен мұнда жаңбырсыз, бірақ кей жерлерде  ауа температурасы 1...3º дейін төмендеп аяз болады.

Еуропалық Ресейдің оңтүстік аумағынан жылжыған циклондар Қазақстанға ауысып, олар шығысқа қарай жылжи отырып, жаңбыр шақырып, кей жерлерде найзағай жарқырап, бұршақ, қатты екпінді жел алдымен республикамыздың батысында, содан кейін солтүстігі мен орталығында, оңтүстігінде болады деп болжануда.

Оңтүстік-батыс тропосферлық ағындардың әсерінен ауа температурасы жоғарылап, осы кезеңнің нормасына жуық және жоғары болады деп күтілуде.

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»