Жаңалықтар

Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 18 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясы

17 Мамыр 2017

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның  барлық  аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың  кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте көктайғақ болады.

Солтүстік  Қазақстан облысында  жел 15-20 м/с күшейеді,  кей жерлерінде желдің екпіні 23м/с болып, жекелеген аудандарында көктайғақ болады. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе  облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Астана қ: көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан  соққан жел солтүстік-батысқа ауысады,, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +6+8°С, күндіз +13+15°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 12 м/с боладыі. Ауаның температурасы түнде +12+14°С, күндіз +15+17°С болады.                                                                                                                                                                              

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»