Жаңалықтар

Көксай шатқалындағы қар көшкіні туралы

17 Ақпан 2017

17 ақпанда Қырғызстан Республикасының шекарасына жақын жатқан Талас Алатауы жотасы «Көксай» шатқалының Жуалы ауданында қар көшкіні болды, «Қазселденқорғау» ММ алдын ала берілген деректері бойынша әскери бөлімнің машинасы қар астында қалды. Зардап шеккендердің саны және олардың жай-күйі белгісіз. Құтқару қызметі қар көшкіні болған жерге аттанды.         16 ақпанда «Қазгидромет» РМК дауылдық ескерту жариялаған болатын. 

Copyright © 1998-2017, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»