Жаңалықтар

Демалыс күндер боран соғады және қар жауады

29 Қаңтар 2016

2016 жылғы 30 қаңтар -1 ақпанға арналған ауа-райы болжамы  

  Исландияда қалыптасқан және Арктикалық теңіз бойынша шығысқа жылжып бара жатқан терең циклон Қазақстандағы ауа-райына әсер етуде. Сонымен қатар циклондармен  және олармен байланысты атмосфералық фронттармен республика аумағына Атлантикадан жылы және ылғалды ауа келеді. Демалыс күндері барлық дерлік облыстарда жылы фронттардың әсерінен қар жауу, боран соғуы, батыс желі 15-20, кей жерлерде 25м/с және температураның көтерілуі күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар, жел кей жерлерде 15-25м/с, тұман, көктайғақ, бірақ мұнда температура төмендейді деп болжанады.

  

Copyright © 1998-2016, РГП "Қазгидромет"
Разработка: компания «Creatida» Поддержка сайта «Турбосайт»